Get Mystery Box with random crypto!

Orientalist's Notes

Logotipo do canal de telegrama shlounak - Orientalist's Notes O
Logotipo do canal de telegrama shlounak - Orientalist's Notes
Endereço do canal: @shlounak
Categorias: Religião
Idioma: Português
Assinantes: 8.83K
Descrição do canal

Автор: Arsen Shadi
(Шығыстанушы-арабтанушы)
Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
#запискиВостоковеда
동양인의 메모
Бізбен байланысу:
www.shadi-courses.kz

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


As últimas mensagens

2023-05-16 20:37:00 Жазу-сызу жоқ жұртта көсе сөзді шығармалар болмайды. Себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. Ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлары сияқты шығарған сөздері біздерге шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды.

(c) Ахмет Байтұрсынұлы, Әдебиет танытқыш
930 views17:37
Aberto / Como
2023-05-11 16:58:18 Өз-өзімізді жамандамайық, кемшіліктерін өткізіп жіберіп, көз жұма қарайық десек, кейде болмай жатады... нақтысы, болдырмай жатады.

Стамбулдағы Қазақстанның консулдығына үлгеріп барайын десең, таңғы 9:30-да ашылады да, түскі 12:00-де жабылады. Солай 15:00-ге дейін. 15:00-де ашылып, 16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Сонда түскі ас үшін қазақтарға 3 сағат керек пе? Таңертең жарты сағатқа кеш ашылатыны тағы бар. Әдеткі консулдықтар сағат 9:00-ден жұмыс жасайды.

Не бітіріп шаршап жүргенін ұқпай қалам кейде... Мақұл делік... сөйтсем аптасына 3 күн демалыстары тағы бар. Сенбі, жексенбі, сәрсенбі.

Ал енді қызмет көрсету жылдамдығын айтпай-ақ түсінетін шығарсыздар.

Ісің түссе білесің ғой солай...
3.3K views13:58
Aberto / Como
2023-05-10 18:22:15 Дыбыстық хат (от) Arsen Shadi
3.2K viewsedited  15:22
Aberto / Como
2023-05-10 18:08:32 Жақында "Азаттық Рухы" порталы, 14-мамыр күні Түркияда өтетін президенттік және парламент сайлауы туралы шығыстанушы маман ретінде сұхбат алған болатын менен.

Соның аудиожазбасын осында бөлісейін. Дүниетаным үшін, өзге жұртта не боп жатқанын жете біле жүру үшін керек-ақ.

Бұл сайлауға бүкіл әлем назарын аударып отыр. Енді қалай болатыны тек бір Аллаға мәлім. Біз, қазіргі таңда магистратурасын осында оқып жүрген, қоғамның ішкі тынысын білетін адам ретінда саралап көрдік.

Сіздер құлаққапты тағып, жұмыстарыңызды бітіре жүріп тыңдап тастағайсыздар.
3.1K viewsedited  15:08
Aberto / Como
2023-05-09 03:41:48 Orientalist's Notes pinned «Түрік тілін 0-ден бастап, 10 күндік сабақтың ішінде сөйлей алатындай үйренгіңіз келе ме? Бізді оқып жүрген оқырмандар курстарымызбен, жобаларымызбен жақсы таныс, бәрін әділ түрде, адал жолмен өткіземіз, Аллаға шүкір. Бір ай бұрын "Стамбул пакеті" атты курсымызға…»
00:41
Aberto / Como
2023-05-08 22:11:29 Түрік тілін 0-ден бастап, 10 күндік сабақтың ішінде сөйлей алатындай үйренгіңіз келе ме?

Бізді оқып жүрген оқырмандар курстарымызбен, жобаларымызбен жақсы таныс, бәрін әділ түрде, адал жолмен өткіземіз, Аллаға шүкір.

Бір ай бұрын "Стамбул пакеті" атты курсымызға қатысып, қорытынды тесттен бірінші орын алған Аружан Төрехан есімді қарындасымыз жолдама (толық танысу үшін үстін басыңыз) ұтып алып, сәуір айының аяғында Стамбул қаласына келіп, 6 күндік саяхат жасады. Келу-кету билеті, қонақ үйі, таңғы асы, әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қаладағы белгілі жерлерді көрсету біздің атымыздан ₸егін ұйымдастырылды.

Аружанның өзімен Стамбулда кездесіп, өз аузынан әсерін тыңдадық (видеосын курс парақшасынан көре аласыз).

Енді сондай мүмкіндік сіздерде де бар... Қазір енді "Стамбул пакеті" атты курсымызды соңғы рет 15,000₸-лік жеңілдікпен берудеміз ж/е соңғы мәрте осы пакет қатысушыларына Стамбул қаласына жолдама бергіміз кеп тұр. 1 адамға емес, 2 бірдей адамға.

Тіркелудің қазір соңғы 6 күні қалды. Толық ақпаратты төмендегі сілтемеден қарап, өз орныңызды алып үлгере аласыз. Менеджер номері де, реквизит те сонда көрсетілген.

https://shadi-courses.kz/courses/turk-dili-istanbul-paketi/
3.4K views19:11
Aberto / Como
2023-05-07 21:37:33 Олжа 1, Олжа 2, Олжа 3 жарыстарына деп арнайы жазған электронды кітапшаларымызды тегін ұсынамыз. Негізі алдын ниет етіп қойғанбыз. Еске түсіп, реті қазір келіп тұр.

Ішінде нендей мағлұмат бар?

Өздерін тәңіршілдер деп атайтын топқа нақтылы, дәлел-дәйектермен жауаптар жаздық, қазақ халқының Ислам дінімен байланысын тарихи және әдеби фактілермен қуаттадық.

5 бет, 10 бет, 7 беттен ғана тұрады. Көп те уақыт алмайды. Міндетті түрде оқып шықсаңыздар екен.

3.6K views18:37
Aberto / Como
2023-05-07 03:19:20 Әр күні күн шыққанға дейін жарты сағат, күн батқанға дейін жарты сағат отырып Алланы аске алып, жалбарынып дұға етер болсаңыз, өміріңіздің берекелі болуы үшін жеткілікті.

Күн сайын құстар сол екі уақытта Алланы зікір етіп, шырылдайды. "Maqamul-'asafir" - құстардың хәлі сондай. Раббысын еске алуды ұмытпайды.

Алла Тағала Құранда:

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ

"Бір Алланың разылығын қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңғы уақыт пен екінтінің соңы) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлық һәм табандылық таныт"
демеді ме?!

Аяттың жалғасы да қызық қой:

وَلَا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا

"Дүние тіршілігінің сән-салтанатына көңілің ауып, олардан (яғни Алланы еске алып көп дұға ететіндерден) көзіңді бұрма".

Алланы еске алудан не нәрсе тосатынын көрдіңіздер ме?

Өзіңде бар нәрсеге разы болмай, дүниедегі көрінген жылтырағанның бәріне қызығып, бәріне қол жеткізгің келе берген кезде...

(с) Шейх Холид Харса (حفظه الله)
4.3K views00:19
Aberto / Como
2023-05-04 11:55:48 Қазақстанмен қоса Түркия үшін де дәйім дұға етіп отырамын. Алладан амандығын сұрап, тұрақтылығын тілеп...

Қаншама Ислам ғұламасын қабылдап, әлем мұсылмандарына білім алуға жағдай жасап отқан бірден-бір өлкелерден.

Біз халқының арасында білім алып, өмір сүріп жүрген соң, көптеген кемшіліктерін көріп қойып, кейде ренжіп жатамыз. Алайда ол реніштер, сан-мыңдаған жақсылықтарды өшіріп тастай алмайды.

Алда келе жатқан сайлауда Алланың берекесі түскен, игі, үмметтің дертін сезіне алатын басшы жеңуін шын жүректен тілеймін.

Қазіргі таңда ЛГБТ ж/е түрлі "изм"-дерге лайықты түрде қарсы тұрып беріп келе жатқан санаулылардың да бірі осы ел.

Жақында ғана Германияда орын алған оқиға бүкіл мұсылманды қайғыртты. Мұсылман отбасында тәрбиеленген баланы мектепте айтқан "Бір жынысты қатынас Исламда дұрыс емес" деген бір ауыз сөзі үшін үйіне келіп, шешесі мен әпкелерін боздатып, баланың өзін шырылдатып, Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп алып кетеді. Сондағы уәжі - ол бала үйінде теріс тәрбие көрген-мыс. Ана видеоны көріп алып құтым қашып кетті. Бұл жолы әке көзімен қарадым. Содан түсінгенім, арсыздыққа үндемей қалудың өзі ертеңің үшін, ұрпағыңның ертеңі үшін жасаған қиянатың болады екен.

"Маған қатысы жоқ қой" деп қараған кез-келген мәселе ертең айналып келіп басыңа түседі, сонда қатысы болады. Себебі бұл мәселе біздің елде де көтеріліп, бірнеше адамның ғана белсенділігімен кейінге шегерілген болатын.

Біздегі халық бұның қауіпін әлі жете түсіне бермейді. Мәселен, балаңызға әуретін жауып, хиджаб кигізсеңіз, бала құқығын таптаған боласыз да, сізді ата-аналық құқығыңыздан айырып, балаңызды тартып алуы мүмкін жағдай...

Бірнеше жыл бұрын елде қызметте жүргенімде ел ағаларымен осы мәселенің басы-қасында болып, тереңінен танысып, белсенді түрде қарсы тұруға үлесімді сіңірдім. Жаудың беті түбегейлі қайтпады, тек бірнеше уақытқа шегерілді.

Мұсылман адам жан-жақты, оқыған, біліммен қаруланған, ойын ашық айта алатын, бүгінгі заманның интеллектуалды соғысына дайын болу керегін жете ұқтым.

Ал Түркиядағы билікте ізгі адамның қалуын тілейтінім, ел ішіндегі дінге жасаған жағдайы себепті.

Тайып атамыз популист болсын, Исламды саясаттандырып жіберген тағы бірнәрсе -ист болсын. Бірақ оның діни ұстанымдары тек өзінің қара бас игілін көксемейді, бәлки, үмметтің қамын күйттейтіні сезіледі.

#пікірім
4.0K views08:55
Aberto / Como
2023-05-02 20:40:40 Біздің кем тұсымыз - білімсіздігіміз. Өз тарихымызда өткен Ислам ғұламаларын танымаймыз. Осы орайда Азамат Жамашев ұстазымыздың "Сайын даланың саңлақ ғұламалары" атты кітабы қазақ халқы үшін жасалған елеулі еңбектерден деген болар едік.

Қазақты танығысы келген, сол еңбекті оқысын. Уаһабиге де жауап бар, тәңіршілге де жауап бар.

70 жыл қанды жүйенің тепкісін көрген халық, Алла деп аузын ашқанның бәріне инанып, өз тегінен, саф негізінен ажырап қалғандай...
3.8K views17:40
Aberto / Como