Get Mystery Box with random crypto!

Өз-өзімізді жамандамайық, кемшіліктерін өткізіп жіберіп, көз ж | Orientalist's Notes

Өз-өзімізді жамандамайық, кемшіліктерін өткізіп жіберіп, көз жұма қарайық десек, кейде болмай жатады... нақтысы, болдырмай жатады.

Стамбулдағы Қазақстанның консулдығына үлгеріп барайын десең, таңғы 9:30-да ашылады да, түскі 12:00-де жабылады. Солай 15:00-ге дейін. 15:00-де ашылып, 16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Сонда түскі ас үшін қазақтарға 3 сағат керек пе? Таңертең жарты сағатқа кеш ашылатыны тағы бар. Әдеткі консулдықтар сағат 9:00-ден жұмыс жасайды.

Не бітіріп шаршап жүргенін ұқпай қалам кейде... Мақұл делік... сөйтсем аптасына 3 күн демалыстары тағы бар. Сенбі, жексенбі, сәрсенбі.

Ал енді қызмет көрсету жылдамдығын айтпай-ақ түсінетін шығарсыздар.

Ісің түссе білесің ғой солай...