Get Mystery Box with random crypto!

Жазу-сызу жоқ жұртта көсе сөзді шығармалар болмайды. Себебі жа | Orientalist's Notes

Жазу-сызу жоқ жұртта көсе сөзді шығармалар болмайды. Себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. Ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлары сияқты шығарған сөздері біздерге шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды.

(c) Ахмет Байтұрсынұлы, Әдебиет танытқыш