Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанмен қоса Түркия үшін де дәйім дұға етіп отырамын. Алл | Orientalist's Notes

Қазақстанмен қоса Түркия үшін де дәйім дұға етіп отырамын. Алладан амандығын сұрап, тұрақтылығын тілеп...

Қаншама Ислам ғұламасын қабылдап, әлем мұсылмандарына білім алуға жағдай жасап отқан бірден-бір өлкелерден.

Біз халқының арасында білім алып, өмір сүріп жүрген соң, көптеген кемшіліктерін көріп қойып, кейде ренжіп жатамыз. Алайда ол реніштер, сан-мыңдаған жақсылықтарды өшіріп тастай алмайды.

Алда келе жатқан сайлауда Алланың берекесі түскен, игі, үмметтің дертін сезіне алатын басшы жеңуін шын жүректен тілеймін.

Қазіргі таңда ЛГБТ ж/е түрлі "изм"-дерге лайықты түрде қарсы тұрып беріп келе жатқан санаулылардың да бірі осы ел.

Жақында ғана Германияда орын алған оқиға бүкіл мұсылманды қайғыртты. Мұсылман отбасында тәрбиеленген баланы мектепте айтқан "Бір жынысты қатынас Исламда дұрыс емес" деген бір ауыз сөзі үшін үйіне келіп, шешесі мен әпкелерін боздатып, баланың өзін шырылдатып, Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп алып кетеді. Сондағы уәжі - ол бала үйінде теріс тәрбие көрген-мыс. Ана видеоны көріп алып құтым қашып кетті. Бұл жолы әке көзімен қарадым. Содан түсінгенім, арсыздыққа үндемей қалудың өзі ертеңің үшін, ұрпағыңның ертеңі үшін жасаған қиянатың болады екен.

"Маған қатысы жоқ қой" деп қараған кез-келген мәселе ертең айналып келіп басыңа түседі, сонда қатысы болады. Себебі бұл мәселе біздің елде де көтеріліп, бірнеше адамның ғана белсенділігімен кейінге шегерілген болатын.

Біздегі халық бұның қауіпін әлі жете түсіне бермейді. Мәселен, балаңызға әуретін жауып, хиджаб кигізсеңіз, бала құқығын таптаған боласыз да, сізді ата-аналық құқығыңыздан айырып, балаңызды тартып алуы мүмкін жағдай...

Бірнеше жыл бұрын елде қызметте жүргенімде ел ағаларымен осы мәселенің басы-қасында болып, тереңінен танысып, белсенді түрде қарсы тұруға үлесімді сіңірдім. Жаудың беті түбегейлі қайтпады, тек бірнеше уақытқа шегерілді.

Мұсылман адам жан-жақты, оқыған, біліммен қаруланған, ойын ашық айта алатын, бүгінгі заманның интеллектуалды соғысына дайын болу керегін жете ұқтым.

Ал Түркиядағы билікте ізгі адамның қалуын тілейтінім, ел ішіндегі дінге жасаған жағдайы себепті.

Тайып атамыз популист болсын, Исламды саясаттандырып жіберген тағы бірнәрсе -ист болсын. Бірақ оның діни ұстанымдары тек өзінің қара бас игілін көксемейді, бәлки, үмметтің қамын күйттейтіні сезіледі.

#пікірім