Get Mystery Box with random crypto!

Әр күні күн шыққанға дейін жарты сағат, күн батқанға дейін жар | Orientalist's Notes

Әр күні күн шыққанға дейін жарты сағат, күн батқанға дейін жарты сағат отырып Алланы аске алып, жалбарынып дұға етер болсаңыз, өміріңіздің берекелі болуы үшін жеткілікті.

Күн сайын құстар сол екі уақытта Алланы зікір етіп, шырылдайды. "Maqamul-'asafir" - құстардың хәлі сондай. Раббысын еске алуды ұмытпайды.

Алла Тағала Құранда:

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ

"Бір Алланың разылығын қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңғы уақыт пен екінтінің соңы) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлық һәм табандылық таныт"
демеді ме?!

Аяттың жалғасы да қызық қой:

وَلَا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا

"Дүние тіршілігінің сән-салтанатына көңілің ауып, олардан (яғни Алланы еске алып көп дұға ететіндерден) көзіңді бұрма".

Алланы еске алудан не нәрсе тосатынын көрдіңіздер ме?

Өзіңде бар нәрсеге разы болмай, дүниедегі көрінген жылтырағанның бәріне қызығып, бәріне қол жеткізгің келе берген кезде...

(с) Шейх Холид Харса (حفظه الله)