Get Mystery Box with random crypto!

Orientalist's Notes

Logotipo do canal de telegrama shlounak - Orientalist's Notes O
Logotipo do canal de telegrama shlounak - Orientalist's Notes
Endereço do canal: @shlounak
Categorias: Religião
Idioma: Português
Assinantes: 8.83K
Descrição do canal

Автор: Arsen Shadi
(Шығыстанушы-арабтанушы)
Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
#запискиВостоковеда
동양인의 메모
Бізбен байланысу:
www.shadi-courses.kz

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


As últimas mensagens 2

2023-05-02 20:31:44 Қазақ тарихындағы, даласындағы тасаууфтың ізін, бар екенін өзге бір діни топтарға жағыну үшін жоққа шығарып келдік. Кейбір адасқан топтардың ішінде Қожа Ахмет Яссауиге (رحمه الله) тіл тигізетіндер бар (сопы, басқа да басқа деген секілді).

Сопылықтың адасқан тармақтары, жолдары бар, кейінгі ғасырларда еліміздің тарихында кең етек жайған. Алайда ол нәрсе, сопылықтың дұрыс бағытын сөгуге алып бармау керек.

Бүгінде енді тәңіршілдер қазақ танымындағы әруақ, рух мәселесі ескі тәңіршілдерден келген деп ұран көтеруде. Сауатсыздық, дилетанттық деуден басқа шара жоқ...
3.6K views17:31
Aberto / Como
2023-05-02 19:05:55 Өткенде отбасыммен Стамбул маңындағы аралға барып, қаланың қарбаласынан тынығып қалып едік. Сол жақта Али есімді парасатты кісімен таныстық.

Түрімізге қарап бірден "Қазақсыңдар ма?" деді. "Қайдан білдіңіз?" деген сауалыма "Түбі өзіміздің келген жағымыздың жұртын қалай танымайын" деп керемет жауап қайырды.

#зикраят
3.6K views16:05
Aberto / Como
2023-05-01 20:16:11 Намаздардың уақытына алаңдамай, селқос қарау - дерттің басы.

(с) Ұстаздар өсиеті
7.8K views17:16
Aberto / Como
2023-04-28 09:13:17 "Өзіне керек болған кезде ғана іздеп, жағдайымды сұрайды" деп, қандай да бір танысыңызды, бауырыңызды сөгіп қоймаңыз. Оны сол қажетімен сізге жіберіп тұрған Алла Тағала.

Біз мына өмірдің сынақ екенін ұмытып, кейде түрлі сөздерді аузымыздан шығарып қойып жатамыз.

Сені өзгеден сұратып емес, сенен сұратқызып сынағанына шүкір ету керек дерміз...
10.9K views06:13
Aberto / Como
2023-04-27 22:31:18 Қаза құлшылықтарды өтеудің өзінде Аллаға деген құрмет, мінәжат бар. Оған бей-жай қарамау керек.

(с) Ұстаздар өсиеті
5.7K views19:31
Aberto / Como
2023-04-27 08:45:20 Бүгін таңертең Шейх Холидпен (حفظه الله) бірге таңғы ас іштік. Өзбекстандық шәкірттері жылқының етін әкеп берген екен. Соны дастарқанға қойды.

Бір араб кісі ат етін жеуге ойланып, орнына жұмыртқа жейін деп жатыр еді, Шейх "Атты тауықпен алмастырасың ба?" деді.

Ат еті - ол "қууә" деді. Яғни, күш, қуат.

Қазаққа қалай жақпасын ондай әңгіме?!

Естеліктерімді бірден-бірден жазып тастап отырайын дедім.

Шейх Али Тантауи (رحمه الله) өзінің "Зикраят"-ында осы нәрсеге аса мән беріңдер дейді. Ойларыңды, толғандырған, әсер еткен дүниелерді жазып жүріңдер. (Не іштің, қанша ақша таптың, қанша жараттың деген нәрсені емес деп қосады). Ой, пікір маңызды. Оны кітап қып басып шығарып, адамдарға тарату да шарт емес делінеді. Күндердің-күні, сол жазған естеліктеріңді оқып отырып, жоғалған өзіңді табу үшін деп қорытындылайды.
6.4K views05:45
Aberto / Como
2023-04-27 08:33:38 Шейхіміз Әдиб Кәлләс (رحمه الله) сырқаттанып бастаған кезінде, орнына дәріс беруге кіретінмін. Білесіңдер, Шейх әйелдерге де сабақ берді. Сонда біраз уақыт өткен соң менен бір-екі қыз баланың атын сұрайтын дәріс алатын. Мен білмеймін аттарын. Сонда Шейх "Алла разы болсын, ей, Холид! Әйелдерге дәріс беретін ұстаз осындай болу керек. Не олардың атын да білмеуі керек, артық байланысқа түсіп, сөйлеспеуі керек" деген болатын.

(с) Шейх Холид Харса (حفظه الله)
3.9K views05:33
Aberto / Como